Меркі ауданына қарасты бірнеше мешіттің дыбыс зорайтқыштары жөндеуден өтіп, жаңасы орнатылды. «Азанды ел – азбас» демекші, бұрынғы дыбыс зорайтқыштар ескіріп, істен шыққандықтан, ауыл тұрғындары азан даусын естімей жүрген еді. Осы мәселені шешу мақсатында «Тәтті» мешіті мен «Сиқымбай ата» мешітінің азаны Рамазан айының қарсаңында анық әрі жақсы естіліп тұруы үшін жаңа дыбыс зорайтқыштар орнатылды.


23 Қыркүйек 2026
10 Раби-сани 1448
