ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы облысқа қарасты қала және аудан имамдарының басын қосып, кезектен тыс жиналыс өткізді.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы облысқа қарасты қала және аудан имамдарының басын қосып, кезектен тыс жиналыс өткізді.
Жамбыл облысы "Шариғат және пәтуа" бөліміне жауапты маман Сейтқали Әбдіқадыр ұстаз Талас ауданының имамдарына арналған арнайы пәтуа семинарын өткізді.
Диқаншылық жасау, егін егу, жеміс көшетін, тал немесе гүл отырғызу, оны суғару, күтім жасау – ғибадат-құлшылық болып есептеледі.
Бүгін, 4 ші сәуір күні, Меркі ауданының әйелдер мен қыздар жамағаты қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Бұл игі шара Меркі ата мешітінің ұстазы Медина ұстаз және Жүніс молда мешітінің ұстазы Бота ұстаздың бастамасымен өтті. Жәрмеңке мақсаты – қайырымдылық көрсету, мұқтаж жандарға көмек көрсету және мұсылман әйелдердің қолөнерін көрсету болып табылады.
Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылдық мешітінде Ережепбай Дариға Қуанышқызының ұйымдастыруымен “ҚАСИЕТТІ ТҮН-ҚАДІР ТҮНІ” атты тақырыпта қыздар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында Қадір түніне байланысты уағыздар айтылып, қатысушылар сұрақ-жауап викторинасына белсенді қатысты.
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Толымбайтегі Зиябек мешітінің ұстазы Клара Диханбайқызы мен “Асыл Аналар” және “Әжелер мектебі” мүшелері Смайылқызы Қаламқас және Қуандықызы Гульчехра “Қызды қырық үйден тыйым”, «Отбасы құндылығы», «Исламдағы әйел орны» тақырыбында семинар жиынын өткізді.