Қызыләуіт ауылы. Жаңабай сопы мешітінің имамы Төсбаев Әбдіқали ауыл ақсақалдарымен кездесу өткізіп, дін мен дәстүр сабақтастығы тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Кездесу барысында имам қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ислам құндылықтарының өзара үндестігіне тоқталып, ұлттық болмыс пен рухани тәрбиенің маңызын атап өтті.


17 Қараша 2026
6 Джумада-сани 1448
