МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Әдеттегідей айдың аяғында аудандық «Қордай» мешітіне, бас имамы Ә.Шалбай аудан бойынша қызмет ететін имам-молдаларды кезекті жиналысқа шақырды. Ә.Шалбай қазан айында ауыл имам-молдаларының атқарған жұмысы жайлы қорытынды есеп алып, толықтырулар енгізу қажеттігін ескертті. Мешіттердің қыс маусымына дайындығы пысықталды. Сөзін жалғастыра келе, бүгінгі күнгі өзекті тақырып ол жастармен жұмыс екенін айтып, осыған байланысты ой-пікірлерін ортаға салып, жоспарларымен бөлісті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

«Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігі мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ұйымдастыруыменен жастардың жан-жақты дамуына ықпал жасап, жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзышылықтарды алдын-алу, есепте тұрған қиын балалармен жұмыс жасау. Құқық бұзушылықтардың әлеуметтік-құқықтық алдын алудағы бағдары бағытын қамтамасыз ету мақсатында «дөңгелек үстел» өткізді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бүгін Алматыдағы Студенттер сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған V республикалық Құран жарысының қорытынды рухани кеші өтті.

Дін жанашырлары мен демеушілерінің қаржылай қолдауымен өткен жүлде қоры 4 млн. теңгені құрайтын сайысқа республика бойынша 600-ден астам жас хафиздер қатысты. Олар төрт бағыт бойынша бақ сынасты: Құранның 5 парасын жатқа оқу, Құранды мәнерлеп оқу, 10 пара Құранды жатқа айту және қасиетті кітапты толық (30 пара) жатқа оқу.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Кішкентай құс торғайда өз ұясын қорғайды. Ал, Отан сенің, әрі туған еліңнің баспанасы емес пе?

Өзгенің арбауына шатылып, шетел асып адамдық ар, ізгі қасиетке нұқсан келітіріп, Еліңе мін, жеріңе сын болатын қадамға барып адасқаннан гөрі, өз еліңді қорғап, титімдей тасына дейін сүю бақыт. Бабалар аманаттаған ұлан-қайыр жерді көзіңнің қарашығындай қорғау барлығымызға ортақ борыш.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мойынқұм ауданы орталығындағы М.Жұмабаев орта мектебінің залында аудандағы белсенді жастармен кездесу болды. Кездесуде аудан әкімінің ішкі саясат бөлімінің бастығы М.Көшкінбаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары М.Сейдалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қойгелдиев және аудандық Мойынқұм мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

 

Мойынқұм ауылындағы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге мешіт жамағаты, ауыл қариясы Зияділда Әлімбетов, «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірті Рүстем Қалмұратов, Жамбыл мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәкен Исмаилов, мектеп психологы Рима Сатыбалдиева және жүздеген оқушылар қатысты. Алғаш сөз алған аудан имамы Қуат Дүйсенбайұлы оқушыларға Ұлық болған Құрбан айт мерекесінің қадірін, адамға берер пайдасын, құрбанға шалынатын малдың қандай болатынын түсіндіріп берді. Оған қоса қазіргі таңда елімізде қаптап кеткен діни ағымдар турасында мағлұмат берді. Аудан имамынан кейін сөз алған мешіт қариясы Әлімбетов З. Оқушыларға өзінің көрген өнегелі өмірін айтып ақ жолдан айнымай, имандылықтан айырылмай иманды ұл, ибалы қыз болып өсулерін айтып өтті.