- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 1493
Дәстүрлі дін дәріптелді
Кезекті кездесу Қордай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлының қатысуымен «Береке» гуманитарлы-экономикалық колледжінде өтті.
Кезекті кездесу Қордай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлының қатысуымен «Береке» гуманитарлы-экономикалық колледжінде өтті.
Бүгін Қасиетті жұма күні Өрнек ауылдық мешітінде аудан имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы «Бүліктің қоғамға зардабы» тақырыбында уағыз айтты, уағыз соңында ауыл жамағаттын әрдайым ынтымақта болып, бірлікпен жұмыс жасауға шақырды.
Қасиетті жұма күні Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде «Харекет» қайырымдылық қорының 1000 теңгеге баспана акциясы аясында «Байзақ баба» мешітінің жамағатының ұйымдастыруымен 8 балалы отбасыға баспана кілті табысталды.
Қасиетті Ашура күні «Намаз ата» мешітінің имамы Мұхамбетов Серіжанның ұйымдастыруымен қала имамдары мен жамағатқа ауызашар берілді. Әдеттегідей бірлік пен сыйластықты арттыру мақсатында жайылған дастархан басында «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Нұралы Бақытұлы көпшілікке «Ғайбат айту – үлкен күнә» деген тақырыпта уағыз айтты.
ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Серікбай қажы Ораздың 2018 – «Ислам және отбасы» жылы деп атауына орай Меркі ауданының орталығынан көп балалы анаға 4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың) теңгеге 4 бөлмелі үй салынды.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Жұмабаев Данияр, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек, іс-басқарушы Қожахметов Халит, бас есепшісі Оразбаева Ұлбосын Меркі ауданына қарасты ауыл мешіттерінің имам-молдалары мен алқа мүшелерінің басын қосып, кеңейтілген жиын өткізді.