Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев Төле би ауылы "Төле би" мешітінде құптан және тарауық намазына қатысып, жамағатпен дидарласты.
Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев Төле би ауылы "Төле би" мешітінде құптан және тарауық намазына қатысып, жамағатпен дидарласты.
Ертеректе қазақ дәстүрінде алыстан білігі мен білімі жоғары молда-қажыларды арнайы алдыртып, хатым оқытатын болған. Тіпті, топырағы кеппеген марқұмдарға ғана емес, дүниеден өткеніне жылдар өтсе де рухына хатым оқитын болған. Құран Кәрімді қырық күнде хатым ету мұстахаб, яғни сауапты іс.
Шу қаласы "Абу Бәкір ас-Сыддық" мешітіне ауданның бас имамы Бахтияр Амиреев арнайы зиярат етіп барып, жамағатпен кездесті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің наиб имамы Мағжан Мұратұлы Оразалы батыр ауылы "Оразалы батыр" мешітінде жұма намазын өткізді. Имам жұма күні аталған ауылда қалып, кешке ауызашарға қатысты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған уағыз айтылды. "Рамазанның сыры. Ислам және ізгі қоғам" тақырыбында жасалған насихатты Ләззат Маханбетова жүргізді.
Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты барлық мешіттерде Рамазан айының қарсаңында тазалық жұмыстары жүргізілді.