Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты барлық мешіттерде Рамазан айының қарсаңында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы бастаған мешіт ұжымы жамағаттармен бірлесіп аудан орталығындағы «Байзақ баба» мешітінің ауласын тазаласа, мешіт ұстазы Көшербаева Жанат және шәкірттері мешіт ішінің тазалығын жасады. Ауданға қарасты Бурыл ауылдық «Шопан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тілеуқұлов, Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінің молдасы Рахымбек Абиров, Ақжар ауылдық «Әбдікерімұлы Айдар» мешітінің имамы Туганасов Бауыржан, Қосақ ауылдық «Қосақ» мешітінің имамы Каримбаев Айбек, Кеңес ауылдық «Кеңес» мешітінің имамы Жайлауов Ғали т.б. имамдар жамағаттарымен атсалысып, мешіттерде тазалық жұмыстарын жасады.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі