Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің жамағатымен кездесіп, уағыз-насихат айтты.
Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің жамағатымен кездесіп, уағыз-насихат айтты.
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 1-аймаққа қарасты Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінде, Талас ауылдық «Ан-Нағим» мешітінде, Қызыл жұлдыз ауылдық «Бейшен» мешітінде және Қостөбе ауылдық «Қостөбе» мешітінде ауызашарлар берілуде.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде Жамбыл облысының Дін істері басқармасы мен аудандық мешіттің ұйымдастыруымен дін мен дәстүрді дәріптейтін арнайы іс-шара өткізілді. Аталмыш шарада қазақтың ұлттық ойындарынан бірқатар сайыстар болды.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешіті мен ауыл жастарының ұйымдастыруымен аудандық әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен он отбасыға қайырымдылық себеттері үлестірілді. Қайырымдылық көмекке екі 150 000 теңге қаражат жұмсалды.
Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің асханасында мешіт жамағатына арнап ауыз ашарлар өткізілуде. Аудандық мешіт асханасына жүз адамдық ауызашар дастарханы жайылды.
Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының бастамасымен, мешіт жамағатының ұйымдастыруымен ауданға қарасты ауылдық мешіт имамдарына қасиетті Рамазан айына орай, арнайы сый табыс етілді.