Тараз қаласы «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешіті 10 мұқтаж отбасыға азық-түлікпен жәрдем берді. Мешіт имамы Қасымжан Бектаевтың ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасау мақсатымен 180 000 теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Тараз қаласы 59/7 түзету мекемесіне қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Аманбаев Ержан 300 адамға ауызашар берді. Түзету мекемесінде отырған адамдарға дастархан жайып, уағыз-насихат айтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен тарауық намазына жиналған жамағаттың білім деңгейі тексерілді.
Өткен жылдың желтоқсан айында Меркі ауданы, Екпінді ауылында «Рахымбай ата» мешітінің ғимараты заман талабына сай жаңартылып, салтанатты түрде ашылып, халық игілігіне берілген болатын.
Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің шәкірттері арасында Қасиетті айдың қарсаңында Алланың сөзі – құраннан жарыс өтті. Жарыс «Құраным – мәңгі қорғаным» тақырыбында мешіттің әйел-қыздар шәкірттерінің қатысуымен өтті.
Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Бурыл ауылдық «Шопан Дәуіт» мешітін зерделеді.