- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 851
#Жамбыл: Тазалық – иманның жартысы
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде аудан имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының бастамасымен «Тазалық – иманның жартысы» атты тазалық жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде аудан имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының бастамасымен «Тазалық – иманның жартысы» атты тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тараз қаласына қарасты «Құлбай баба» мешітінің имамы Амангелді Ембергеновтің ұйымдастыруымен мешіт ауласында сенбілік жасалып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Алла үйінің айналасына тазалық жасалып, арам шөптер жұлынып, қоқыстардан тазартылды. Талдардың түптері қопсытылып, жаңадан 800 түп гүл көшеттері отырғызылды. Гүл алуға жұмсалған қаражат 104 000 теңгені құрайды.
Жақында діни басқарма тарапынан бастау алған, «Тазалық – иманның жартысы» атты республикалық сенбілік акциясы өткен болатын. Аталмыш игі шарадан Тараз қаласының мешіттері де қалыс қалмай, акцияға қолдау білдірді.
Ауызашар кеші мұсылман жұртшылықтың басы қосылып, бірге дұға етіп, Алланы еске алатын игі жиыны. Осындай бас қосу ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мейрамханада жасалды.
Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Әйел-қыздар секторының өңірдегі өкілдігі құрған "Асар" қоры 5 отбасыға жәрдем көрсетті.
Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде "Әжелер алқасы" мен білім алушы апалар күніне ұстаздарымен бірге 3 пара Құран оқуда. Рамазан айы басталғаннан күнделікті тұрақты түрде оқылып жатқан Алланың кәләмі Құран хатым түсіру мақсатында.