Жамбыл облысы Қордай ауданы Рахман мешітің ұстазы Дүзелбаева Айгүлдің ұйымдастыруымен "Ашура күні" аталып өтті. Кешке Қордай ауданы әйел-қыздар секторының басшысы, «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы және әжелер алқасы мүшелері қатысты.

Ауданының бас имамы Сортөбе ауылдық округі, «Бұлар-батыр» ауылы, «Бұлар-батыр» мешітінде жұма намазын жүргізді. Жамағат намазына қатысуға келген көпшілікке риякерлік зардаптары тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің найб имамы Мағжан Мұратұлы құптан намазында "Төле би" мешітінің жамағатына уағыз айтты. Білікті маман "Аср" сүресін тәпсірлеп, көпшілікке толықтай түсіндіріп берді.
Шу ауданында орын алған қайғылы жағдайды естіген мешіт қызметкерлері отбасының қайғысында жәрдем қолын созды.
Шулық блогер Сандуғаш Өсербайдың ұйымдастыруымен күйеуі қайтыс болған жесір әйелге баспана кілті табыс етілді. Аталған іс-шараға "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы қатысып қайтты.
Қордай ауданы, Жамбыл ауылы «Ал-Хафиз» мешітінде айлық дастархан болып өтті. Жайылған рухани дастарханға ауданның бас имамы мен көрші ауыл имамдары қатысты. Дәмнен ауыз тиюге келген көпшілікке уағыз-насихат айтылды.