#Шу: Қарттар күні мешіт қарияларына құрмет көрсетілді

#Шу: Қарттар күні мешіт қарияларына құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"1 қазан - Қарттар күні" Шу ауданы "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен аталған мешіттің алқа мүшесі болып отырған ата-апаларға құрмет көрсетілді. 

Имамдар қариялардың үйлеріне зиярат етіп барып, қал-жағдайларын сұрап, қорап толы сыйлықтарды табыс етті. Шараға аудан имамы Алмас Кенжемолдаев арнайы қатысты.

Имамдар ауыл ақсақалдарымен танысып, қарияларға жылы лебіздерін білдірді. Ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз рақметтерін жаудырып, баталарын берді.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: