- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 712
#Рысқұлов: Жылулық сыйла сәбиге
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев балаларға жылу сыйлау мақсатында қасиетті жұма күнінің қарсаңында Шоқан мектебі даярлық тобының балдырғандарын қуантты. Қайырымдылық ретінде балалар бөлмесіне арнайы мешіттен кілемдер сыйға тартылды. Бас имам бір сәт балалармен бірге болып, көңілдерін көтерді.


16 Қараша 2026
5 Джумада-сани 1448
