Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітінің имамы Талғат Таукеевтың ұйымдастыруымен «Қайырымды жұма» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылып, мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітінің имамы Талғат Таукеевтың ұйымдастыруымен «Қайырымды жұма» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылып, мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Жуалы ауданы, Көлтоған ауылдық "Тұрысбаба" мешітінің имамы Сметов Әсет Қонашев Бауыржан кәсіпкердің демеушілігі арқылы 70 000 теңге қаражат көлемінде жетім жесірге қайырымдылық жасады. Көмекті үш перзенттің анасы Мөлдірге табыстады.
Жуалы ауданы, Ертай ауылдық "Құлыайымбет" мешітінің молдасы Нұржан Еселиев мешіт атынан Қонашевтар әулеті Ертай ауылының тұрғыны Камила Шалқарбаеваның отасына көмек көрсетті.
Жуалы аудандық Көлбастау ауылдық "Құлый баба" мешітіне Әділет Мырзағалиұлы демеушілік арқылы мешіттің үлкен залына екі қабырғасына Фатиха және екінші қабырғасына "Бақара" сүресі жазылған картина орнатып берілді. Ені мен ұзындығы 2 метр биіктігі 4 метрді құрайды.
Жуалы ауданының бас имамы Ғалымжан Қабылбекұлымен аудан ардагерлерімен Коворкинг орталығында кездесті. Имам ардагерлердің аудандағы дін саласына, мешіттерге қатысты ойларын тыңдады.
Тараз қаласының имамдары мен жамағаты қаланың Бас имамы Ержан Аманбаевтың бастамасымен «Көне Тараз» тарихи мекеніне және 120 жылдан астам тарихы бар киелі «Әулие ата» мешітіне зиярат жасады.