Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты мешіт имамдары жылдағы дәстүрге сай Рамазан айы басталуымен бесін намазының алдында «Оразаның үкімдері» тақырыбында насихат жұмыстарын жүргізуде.
Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты мешіт имамдары жылдағы дәстүрге сай Рамазан айы басталуымен бесін намазының алдында «Оразаның үкімдері» тақырыбында насихат жұмыстарын жүргізуде.
Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі Бақыт Алпысбайұлы аудан тұрғындарына ауызашар берді. Ауызашар дастарханына 18 ауыл округінің әкімдері, ақсақалдары және ауданға қарасты ауыл имам-молдалары қатысты.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлының ұйымдастыруымен 21 мұқтаж отбасыға «Рамазан қоржыны» атты қайырылымдық шарасы өтті.
Рамазан – тақуалықты одан әрі арттыруға мүмкіндік беретін ай. Құдайдан қорқа білу – мүминге міндет. «Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгеніндей, сендерге де ораза парыз етілді» – деп басталатын аяттың «мүмкін тақуалық қыларсыңдар» деген сөздермен аяқталуында үлкен сыр бар.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) бір хадисінде: «Расында, әр адамға өзінің ниет еткен нәрсесі беріледі», – деген. Бұл – адам баласы өзінің ниетіне орай, мақсатына жетеді деген сөз. Кімде-кім сауабын Алладан үміт етіп, ораза ұстаса, күнәлары кешіріліп, Оның ризалығына бөленеді. Екі дүниеде де Алланың ризалығына кенелуден артық бақыт жоқ.
Рамазан айы – он екі айдың сұлтаны, берекесі де, кешірімі мол ай. Барша үмметтің асыға күткен Құран айы да келіп жетіп, жұртшылық ауыз бекітуде. Рамазан – тұтастай ғибадатпен өткізілетін уақыт.