- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 1198
QURBAN2020.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады.
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен онлайн мәжілісі өтті. Аталған жиынға наиб мүфти Ершат Оңғаров, аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы және бөлім басшылары мен облыс имамдары қатысты.
ҚМДБ Әйел-қыздар секторы, Нұр Сұлтан қаласының әйел ұстаздарының еліміздегі барша әйел жамағатына ұйымдастырған «рухани марафоны» басталды.
Марафонның мақсаты – елдегі болып жатқан жағдайға байланысты ару-аналарға рухани қолдау көрсету. Кеше, яғни, 14 шілдеде басталған бұл марафон бес күнге созылады дейді ұйымдастырушылар.
Ұстаздар Әйел-қыздар секторы Instagram парақшасында күн сайын тікелей эфирге шығып, белгіленген тақырыптарға байланысты насихат жүргізіп, сұрақтарға жауап береді.
Республикада COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 61,7 мың адамнан асады. Бір уақытта сауығып кеткендердің саны 34 мыңнан астам.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұқпалы індеттен қайтыс болған азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бүгін, 13 шілде – Жалпыұлттық аза тұту күніне орай еліміздің барлық мешіттерінде Қасиетті Құран оқылып, хатым дұғасы жасалды.