- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 1072
БАС МҮФТИ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.
Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 26 мамырға сәйкес келеді. 27 мамыр– Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының орынбасары, Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған миссия мүшелері Сауд Арабиясы Корольдігі Мәдина қаласында «Mashariq Al Mutamayizah» компаниясының өкілдерімен кездесті.
Сауд Арабиясы Корольдігі Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы өкілдері Қазақстан қажылық миссиясының құрамындағы медициналық қызметтің дайындығына арнайы тексеру жүргізді. Ресми сапар барысында миссия құрамындағы дәрігерлердің кәсіби біліктілігі, медициналық көмек көрсету деңгейі, процедурлық кабинеттің жабдықталуы және дәрілік қордың жеткіліктілігі жан-жақты сараланды.
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Құрбан айт мерекесіне дайындық бойынша мәжіліс өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты.