Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының орынбасары, Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған миссия мүшелері Сауд Арабиясы Корольдігі Мәдина қаласында «Mashariq Al Mutamayizah» компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында тараптар қажылық маусымындағы ұйымдастыру жұмыстарын талқылап, қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасына қатысты бірқатар мәселеге тоқталды.
Айта кетейік, биылғы қажылық маусымын ұйымдастыру құқығына ие болған 14 қазақстандық туроператор ресми түрде танылған. Аталған «Mashariq Al Mutamayizah» компаниясы Қазақстандық қажыларға қатарынан соңғы жылдары қызмет көрсетіп келеді.





20 Мамыр 2026
3 Зуль-хиджа 1447

