- НАСИХАТ
- ҚАРАЛДЫ: 1361
Сиқыр жөнінде
Бұрында да, қазірде де «ақ және қара сиқыр» болады деп өз әңгімелерімен басқаларды адастыратын адамдар аз емес.
Бұрында да, қазірде де «ақ және қара сиқыр» болады деп өз әңгімелерімен басқаларды адастыратын адамдар аз емес.
Мынаны естен шығармау керек, Пайғамбарымыз (ﷺ) «Ықылас», «Нас» және «Фәләқ» сүрелері туралы сөзін біз сияқты намаздарын орындамайтын, зекеттерін төлемейтін, ораза ұстамайтын адамдарға және т.б. айтпаған.
Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқаны келтірілген:
«Кімде-кім «Ықлас», «Фәләқ» және «Нас» сүрелерін айтса, барлық ауыртпалықтардан қорғалады».
Егер ақыл-парасаты тең екі адамға бірдей мөлшерде ақша беріп, екеуіне де базардан ең жақсы орын мен тең сападағы бірдей тауар беріп, бір айдан соң: «Табыстарың қалай?» - деп сұрар болсақ, тіпті екеуінің жұмыс істеген сағат сандарына қарамастан, олардың нәтижелері әртүрлі болатынын көреміз.
Алла Тағала иман тәттілігін құрбан болуға дайындарға уәде еткен. Ер адам сұлу әйелге көз салуға азғырылса немесе әйел адам сұлу еркекке қарағысы келсе, бұл олардың нәпсілерінің талабы, бірақ олар осы кесірлі тілектерін құрбан етеді.
Алла Тағала Өзінің құлдарына әлі ешкім көрмеген, әлі ешкім естімеген және ешбір жанның басына кіріп шықпаған нәрсе дайындап қойғанын айтқан болатын.