1. Бауыздаусыз өз-өзінен өлген малдың етін жеу – харам. Мұндай өз-өзінен өлген малдың етін жеу бауыздалып, денесіндегі қан сыртқа ақпағандықтан жалпы адамның табиғатына теріс және жиркенішті нәрсе. Біріншіден, мұндай өз-өзінен өлген мал бойындағы бір аурудың яки уланудың салдарынан өледі. Ал ауру малдың етінің адамның денсаулығына зиянды екені медициналық тұрғыдан дәлелденген.


08 Тамыз 2026
23 Сафар 1448
