- НАСИХАТ
- ҚАРАЛДЫ: 1065
Жүніп кезінде шаш пен тырнақтарды алдыртуға бола ма?
Жүніп болып жүрген адамға шашы мен тырнақтарын алдырту дұрыс емес. Абзалы ғұсыл алған соң алдырту.
Жүніп болып жүрген адамға шашы мен тырнақтарын алдырту дұрыс емес. Абзалы ғұсыл алған соң алдырту.
Құранда аң аулайтын иттермен ұсталынған жануарлар мен құстардың еттері рұқсат етілген болып табылады делінген. Аң аулау кезінде шанышқылайтын-кесетін қарулардың кез келген түрін, сондай-ақ, атыс қаруын да қолдануға болады.
Әйел адам үйде жалғыз болғанда немесе махрам емес болып саналатын бөтен еркектер болмағанда, орамал тақпай, өз қалауы бойынша киіне алады. Бұл күнә болып табылмайды, сондықтан бұл жағдайда орамал тағуға мәжбүрлеу жарамайды әрі дұрыс емес.
Дәрет алудың бір парызы басқа мәсих тарту екені белгілі. Мәсих — басты суланған қолмен сипауды білдіреді. Ал ғұсыл алу кезінде басты толығымен жуу қажет.
Біздің асыл дініміз Исламның таңғажайып ерекшеліктері аз емес және өміріміздің барлық жағын үйлесімді түрде қамтиды. Жақсылықты дәріптеп, күллі жаманшылық атаулыдан тыйып отырады. Ислам қасиетті адами мәртебеге лайық болатын жолды көрсетеді, мысалы, құлшылықта, өзге адамдармен қарым-қатынас жасауда, жеке басымыздың ісінде, сондай-ақ, ас қабылдау мәдениетінде.
Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «Жұмақтағылар, тозақтағыларға: «Раббымыздың бізге уәде еткенін тура таптық. Сендер де Раббыларыңның уәде еткенін тура таптыңдар ма?»,- деп айғайлайды. (Олар): «Әрине» дейді. Сонда олардың араларында бір айғайшы: «Алланың қарғысы залымдарға» деп айғайлайды» (7:44).