Жұмаққа есепсіз кіретін жетпіс мың адам

Жұмаққа есепсіз кіретін жетпіс мың адам

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ибн Аббас (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Маған күллі қауым көрсетілді, қасында бірнеше ғана адамы бар пайғамбарды (ғ.с.) көрдім, қасында бір-екі ғана адамы бар пайғамбарды (ғ.с.) көрдім және қасында ешкім болмаған пайғамбарды (ғ.с.) да көрдім.

Бір уақытта алдымнан сансыз көп адам көрінді, бұл мені үмбетім деп ойлауым мұң екен, маған: «Бұл Мұса (ғ.с.) мен оның қауымы, енді мына жаққа қарашы», - деген дауыс естілді. Айтқан жаққа қарап едім, ол жақта да көп адам болды. «Енді ар жаққа қара», - деген дауыс естілді. Ар жақта да сансыз көп адам тұрды. Сол сәтте: «Бұл сенің үмбетің, осы адамдардың арасында есепсіз әрі азапсыз Жұмаққа кіретін жетпіс мың адам бар», - деген дауыс естілді. Осыны айтты да Пайғамбарымыз (ﷺ) отырған орнынан тұрып, үйіне кіріп кетті, ал қалған адамдар Жұмаққа есепсіз әрі азапсыз кіретін адамдар жайында сөйлесе бастады. Адамдардың бірі: «Мүмкін бұлар Алла Елшісінің (ﷺ) сахабалары (р.а.) шығар», - десе, енді біреуі: «Мүмкін бұлар Ислам дәуірінде дүниеге келіп, Алладан басқа ешкімге құлшылық жасамағандар шығар», - деді. Осылайша, әркім өзінің ойын жеткізіп жатқанда, Пайғамбарымыз (ﷺ) үйінен қайта шығып: «Не айтып жатырсыңдар?» - деп сұрады. Адамдар не жөнінде сөйлесіп

отырғанын айтты. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Бұлар – өздері дуа жасамайтын, дуа жасату үшін өзгелерге жүгінбейтін әрі құстың ұшуы сияқты жаман жорамалдарға сенбейтін, тек Алла Тағалаға сенім артып, тәуекел ететіндер», - деп жауап береді. Пайғамбарымыз (ﷺ) сөзін аяқтар-аяқтамастан орнынан 'Уккяша бин Михсан әл-Асади тұрып: «Алладан мені солардың қатарына қоссыншы деп сұрашы», - деп өтінеді. Пайғамбарымыз (ﷺ) оған:«Сен солардың қатарындасың», - дейді.

Сол сәтте орнынан тағы бір адам тұрып: «Алладан мені де солардың қатарына қоссыншы деп сұрашы», - деп өтініш білдіреді. Алайда Пайғамбарымыз (ﷺ) оған: «Бұл мәселеде Уккяша сені басып озды», - деген екен (әл-Бұхари; Мүслим).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: