- НАСИХАТ
- ҚАРАЛДЫ: 505
РАМАЗАНДА НӘПСІНІ ТІЗГІНДЕУ МӘДЕНИЕТІ
Ораза иләһи хикметті һәм сырды арқалаған құлшылық. Алла Тағала Рамазан оразасын үлкен хикмет үшін парыз етті. Соның бірі – тақуалық.
Ораза иләһи хикметті һәм сырды арқалаған құлшылық. Алла Тағала Рамазан оразасын үлкен хикмет үшін парыз етті. Соның бірі – тақуалық.
Адам баласы табиғатынан жарысқа құмар келеді. Біреу байлық жинауда, біреу қызметте, енді біреу атақ-даңқта озуға тырысады. Алайда мұсылман үшін ең қайырлы жарыс – дүниелік мақсаттар емес, Алланың разылығына жеткізетін ізгі амалдардағы бәсекелестік. Абай атамыз өзінің 18-ші қара сөзінде:
Адам баласының тіршілігіндегі кез келген іс-әрекеті ниетке байланысты. Халқымыз: «Ниеті түзудің – ісі түзу», – деп бекер айтпаған. Үлкен іс тындыру үшін ең алдымен үлкен жүрек, таза ой керек. Құмға сіңген судың ізі қалмайтыны секілді, ықылассыз жасалған құлшылық та адамның руханиятына өз ізін қалдыра алмайды. Хакім Абай:
Алла Тағаланың адамзат баласына берген ең ұлы сыйы, екі дүние бақытының шамшырағы – Қасиетті Құран Кәрім. Алла Тағала қасиетті Құранда:
Бұл – тозақ отынан азат етіліп, күнәлар мен қателіктер кешірілетін, сауаптар еселеніп, дәрежелер көтерілетін, жақсылық пен қайырымдылықтың, сабыр мен шүкіршіліктің, мейірім мен кешірімнің айы.
Шын мәнінде, оразаның шынайы сауабы – аштықта емес, тақуалықта. Ал тақуалықтың негізгі орны – жүректе. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тақуалық мына жерде болады», – деп көкірегін үш мәрте нұсқап, адамның тақуалығы жүрегінде болатынын айтқан (имам Бұхари).