НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Құран Кәрімнің «Шура» сүресі 27-ші аятында Алла Тағаланың «Егер де Алла құлдарына несібелерін үйіп-төгіп бергенінде, жер беті бұзылып кетер еді» деген сөзін, Шақиқ ибн Ибрахим: «Егер Алла пенделеріне ризық-нәсібелерін көктен түсіріп, өлшеусіз, бейнетсіз тегін бере берген болса, адамзат тіршілікте азып-тозып кетер еді. Алла сол үшін әркімге тиесілі несібесін өлшеп беріп, оны еңбекке байлаған» деп түсіндіреді. ( Танбиһул Ғофилин 320 бет)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүйікті күйеу баласы хазіреті Әли (р.а.) намаз оқып жатқанда дүние астан-кестен болса да хабары болмайтын. Бір соғыста хазіреті Әлидің (р.а.) аяғына садақтың жебесі қадалып қалады. Жебенің сүйекке кіргені соншалық шығару мүмкін болмайды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жомарттық – Алла Тағаланың сипаттарының бірі. Өйткені, Оның бір есімі «көптеген нығмет беруші», «жақсылықтар мен ізгіліктерді молынан тарту етуші», «аса жомарт» деген мағынаны білдіретін «Кәрим» сипаты болып табылады. Алайда, жомарттық болар-болмасқа ақшаны шашу емес. Алланың құлдарына мұқияттылықпен әрі нығметтің қадірін біле отырып қайыр-садақа жасау.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ескі бір қауымда Журейж атты көп ғибадат ететін бір жігіт болады. Күндіз-түні ғибадат ететін. Бұл жігіттің кәрі анасы бір күні: – Балам маған мына істерде көмектес! – дейді. Бұл кезде баласы нәпіл ғибадаттар жасап отырып келмеді. Анасы бұған қатты ренжіп былай деп бетдұға (қарғыс) етеді:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ислам дiнiнде өзiндiк орны мен қадыр-қасиетi бар төрт мазһап жетекшiлерiнiң алғашқысы, қалғандарынан жасы да жолы да үлкенi Имам Ағзамның өсиеттерiнің бірінде: — Халал да, харам да ашық айтылған. Алайда олардың арасында күмәндi нәрселер де бар. Көпшiлiк оны бiле бермейдi. Одан бойын аулақ ұстаған пенде дiнi мен абыройын қорғайды. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Көшеде келе жатқан бір адам асыл алқа тауып алады. Ол алқаға қызығып, өзі алғысы келеді. Сол кезде: “Кім алқаны тауып берсе, сүйіншіміз пәлен динар” – деген дауыс шығады. Ал асыл алқаның бағасы пәлен динар өте аз екен. Бірақ әлгі адам Алладан қорыққандықтан алқаны өзінің иесіне қайтарып береді.