Қайыршыға садақа берсем, арақ алып іше ме деп қорқамын...

Қайыршыға садақа берсем, арақ алып іше ме деп қорқамын...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауылдық жерлерде ондай әдетке ешкім бой алдырмаса да, қалалық жерлерде қайыршы қауымын көптеп кездестіруге болады. Жас баласын жетектеп, жөргектегісін құшақтап алған жас ананы да, төрінен көрі жақын қарияны да, қол-аяғынан айырылған мүгедекті де кездестіруге болады. Бәрінің тілегені бір – өткен-кеткен қайырымды жандардан азын-аулақ болса да нәпақа боларлық ақша. Олардың әрқайсы әртүрлі себептермен қайыр тілеуге мәжбүр болған шығар... Бірақ, сондай жандардың арасынан кейде маскүнем жандарды да кездестіріп қалатынымыз рас. Иісі мүңкіп, жаныңа келіп, ақша сұраған кезде бірден «ақша берсем, оған арақ алатын» шығар деген ой келеді. Расымен де, ішері асы арақтан басқа ешнәрсе болмаған жан үшін ақша тек сайтан суға ғана керек.

Асыл дінімізде арақ ішуді кең тараған үлкен күнәлардың біріне жатқызады.  Маскүнем – жәннаттан мақұрым қалатын үш адамның бірі. Енді сондай адамға садақа беру қалай болар екен? Ибн Омар (р.а.) риуаят еткен хадисте Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Арақ он түрлі қырынан қарғысқа ұшырады: арақтың өзі, оны ішуші мен құйып беруші, сатушы мен сатып алушы, дайындаушы мен дайындатушы, әкелуші мен әкелдіруші және арақтан түскен пайданы жеуші Алла тарапынан қарғысқа ұшырады». Маскүнемге ақша беріп тұрып, Алланың қарғысына ұшырап қалудан аман қаламыз ба?

Егер біз сол арақ ішуші адамға шынымен жанымыз ашыса, онда ең дұрысы оған ақша беріп, тағы да харам асты пайдалануына себеп болғанша, тыңдай алса насихат айтып, тыңдай алмаса, бүкіл әлемдердің Раббысынан, адамдарды тура жолға салушы Жаратушыдан сол адам үшін шын ниетімізбен дұға етейік. Дұға – мұсылманның қаруы, қорғаны, Раббысымен арасындағы сыры. Сондықтан, бәлкім ол адам үшін таһажүд намазына тұрып, әр намаздан кейін дұға етіп қойсақ, сол екі дүниеміз үшін де пайдалы болуы мүмкін... Ақиқаты Аллаға мәлім.

Ерлан БӨЛЕГЕНОВ,

Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы.   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: