Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелдері қаншалықты қызғанған? Исламдағы ашу мен қызғаншақтық

Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелдері қаншалықты қызғанған? Исламдағы ашу мен қызғаншақтық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сапарға шығады. Оның қасында тақуа әйелдері Умму Сәляма мен Сафия (оларға Алла раз болсын) болады. Күндіз жол жүргенде әрі түнде олар кезекпен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасында болып отырған. Ол Умму Сәлямның қасында түнеуі керек болатын түн болады. Байқаусызда түйені шатастырып алып, ол Сафияның қасына жақындап, онымен біраз сөйлеседі.


Бірақ бүгін оның кезегі емес екенін түсініп, бірден Сафияның қасынан кетіп, Умму Сәлямаға барады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Сафиямен әңгімелесуі әрі кешігіп келуі Умму Сәлямның шамына тиеді. Оның бойын қызғаныш кернеп, күйеуіне былай дейді: «Алланың Елшісі бола тұра, бүгін менің кезегім екенін біле тұра, қалай ғана ана әйелмен сөйлесуге дәтің барды?» Оның айтқанын дұрыс санап, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзін кінәлі санап, ақталмай, үндемей қалады. Біраз уақыт өте сабасына түскен Умму Сәляма өзінің қылығынан ұяла бастайды. Ол бірден тәубәсіне келіп, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өтіне былай айтады: «Уа, Алла Елшісі! Қызғаныш салдарынан өзімді осылай ұстадым. Алладан мені кешіруін сұраңызшы!» (Ибн Сад, Табакат, 8/76) 

Иә, осылай жиі болып тұрады: біраз реніш орын алғанда шамалы сабыр мен төзім, түсіністік пен үндемей қалу, ақталғаннан да оң нәтижелер береді.  Ашу — бұл жалынсыз от қой, оған біраз қызғаныштың шоғын қосса, айналаның бәрі отқа шарпылады емес пе? Тек судың ғана отты сөндіретіні белгілі. Нәпсі - от, ал жүрек су сияқты. Адам ашулана бастағанда, қозу басталады, егер осы сәтке қарсыластың қозуын қоссақ, бір отқа басқа от қосылғандай болады. Мұндай кезде жағдай бақылаудан шығып кетеді.

Алла сақтасын, өйткені егер өрт басталса, оның немен тынары беймәлім. Кейде битке ыза болған адам, көрпесін жағып жібереді. Ал соңында көрпе жанып, бит қашып, ал адам құралақан қалған болады. Егер күйеуі ашулана бастағанда әйелі үндемей қойса, көп ұзамай жалын жанбай жатып өздігінен сөніп қалады. Ал егер әйелі дауыс көтеріп жатса, онда күйеуі сабыр сақтап, үндемесе дұрыс болады. Егер күйеуін ыза кернеп, әйелін қайтса да бағындырмақ болса, онда ұрыс-керіс басталады. Бұл жағдайда ұрыс-керіс екі жаққа да пайда бермейді. Бірақ бұл ұрыс шайтанды ғана қатты қуандыратын болады.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: