Қазақстанда халал-ипотека пайда болуы мүмкін

Қазақстанда халал-ипотека пайда болуы мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

“Астана” халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі” АҚ басқарма мүшесі, басқарушы директоры Саясат Нұрбек халал-ипотеканың пайда болуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Zakon.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Оның айтуынша, халал-ипотека елімізде бірнеше жылдан соң пайда болуы мүмкін. Бұл жергілікті қаржы институттарына тікелей байланысты. Евразия нарығында қазіргі таңда 100 миллиондай адам тұратындықтан (20 млн – Ресей, 70-80 млн – Орта Азия аумағында) бұл исламдық қаржыландыру үшін аса тиімді болмақ.

“Қазір исламға қатысы жоқ Лондон, Люксембург, Франкфурт секілді қалалардың өзі ислам қаржы жүйесін тарта бастады”, – дейді Нұрбек. Айтуынша, қазіргі кезде халық әдеттегі қаржылық қызметтерден бас тартып, оның балама көздерін іздей бастаған. Осындай кезде ислам қаржы жүйесінің өз қызметін ұсынуы таптырмас мүмкіндік.


Алла тағала: «Алла көктерде және жерде не болса, соның барлығын өз тарапынан бір нығмет қылып сендерге бағындырды. Әлбетте, бұнда түсінген ел үшін белгілер бар», – дейді. «Жасия» сүресі, 12-аят


ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: