Сауд Арабия 2017 жылғы қажылық қорытындысын шығарды

Сауд Арабия 2017 жылғы қажылық қорытындысын шығарды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2017 жылғы қажылық қорытындысы

Сауд Арабияның Мәдениет және ақпарат министрлігі 2017 жылғы қажылық қорытындысын шығарды. Аталмыш ведомствоның ақпаратына сәйкес, осы жылы 2 352 122 адам қажылық парызын өтеген екен.

 Олардың 1,75 миллионы  - шетел мемлекеттерінің азаматтары.

1 миллионнан астам қажылар Азия елдерінен келсе, 400 мыңы – Араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесіне кірмейтін елдерден, шамамен 200 мыңы  - Африка елдерінен, 100 мыңы — Еуропадан және 25 мыңы — АҚШ пен Аустралиядан келген. 

Үстіміздегі жылғы қажылықта соңғы ақпараттар үнемі қажылардың мобилді қондырғыларына келіп отырған. Бұдан бөлек, әрбір қажы электронды сәйкестендіру білезігімен қамтамасыз етілген.

Қажылардың қауіпсіздігін 2280 азаматтық қорғаныс қызметкерлері, сондай-ақ, әр елден келген  2935 еріктілер қамтамасыз еткен. 1650 журналист қажылықта орын алған оқиғаларды хабарлап, жазып отырған. 

Қажылық парызын өтеушілерге 30 мың білікті дәрігерлер медициналық көмек көрсеткен, сондай-ақ, қажылық мерзімінде арнайы 15 медициналық  орталықтар ашылған.

Айта кетсек, мұның алдында белгілі болғандай, үстіміздегі жылдың қажылығын өтеу барысында 39 адам көз жұмған екен.


ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: