Астанада «Қасиетті құран кітаптары» көрмесі ашылады

Астанада «Қасиетті құран кітаптары» көрмесі ашылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында «Қасиетті Құран кітаптары» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Baq.kz. Оның аясында көрермендерге кітапхана қорының бірегей жинағындағы Құранның араб тіліндегі, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын тілді нұсқаларының 55 данасы ұсынылады.

Аталмыш көрменің басты ерекшелігі – Кітапхана қорындағы сирек кездесетін кітаптардың, XVIII-XIX ғғ. жазылған түпнұсқа қолжазбалардың көрсетілуінде. Олардың көбісі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа өзге мемлекет өкілдерінен дипломатиялық сый ретінде тарту етілген.
Әр кітап мұқабасының сыртқы келбеті көркемдік, зергерлік және каллиграфиялық шеберлікпен ерекшеленеді. Ашық ғарышта, «Мир» халықаралық ғарыш бекетінде болған Құран басылымы топтамадағы ерекше жәдігерлердің бірі. Оны Мемлекет басшысына отандық ғарышкер Талғат Мұсабаев сыйға тартқан.

kazislam.kz

Алла Тағала Құран Кәрім туралы былай деді: «(Мұхаммед (с.ғ.с.) егер бұл Құранды бір тауға түсіргенімізде, оның Алладан үрейленіп быт-шыт болғанын көрер едің. Ал, мұндай мысалдарды адам баласы ойлансын деп келтіреміз»(«Хашыр» сүресі, 20-21 аяттар).
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: