Аса қауіпті қылмыскерлер мешіт тұрғызды

Аса қауіпті қылмыскерлер мешіт тұрғызды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресей Федерациясы аумағында орналасқан қатал түзету мекемесіндегі (ИК-54) жазасын өтеуші тұтқындар өз қолымен мешіт тұрғызды. Оның құрылысы екі жыл жүрді.

Бұл жайында жазасын өтеушілермен тәрбие жұмысын жүргізетін майор Владимир Родин мәлім етті. Айта кетейік, жаза басып, темір тордың арғы жағынан шыққандар арасында (аталған түзету мекемесі бойынша) жүзге тарта мұсылман бар. Олардың дені башқұрттар, татарлар, шешендер, өзбектер, қырғыздар, тәжіктер, т.б. құрайды.

Тұтқындар соққан мешітте бір мезгілде 150 адам құлшылық ете алады. Ауыр қылмыс жасағандар күнәдан сәл де болса осылай арылуды ойлап отыр. 

islam.kz


Қасиетті Құранда былай дейді: «Алланың мешіттерін шынымен Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі» («Тәубе» сүресі, 18-аят).  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: