Шалкиіз жырау (1465-1560).

Шалкиіз жырау (1465-1560).

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Атақты жырау Шалкиіз Тіленшіұлы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келген. Мұсылманша білімі бар Шалкиіз жас кезінен ер жүрек жауынгер, асыл сөз иесі, ақын ретінде танылып, аты ел ішіне кең таралған. Жігіттік кезі Ноғай ордасы - Мұса бидің маңайында өтеді. Үлкен орданың әміршісі Мансұр ұлы Темір бидің, кейін ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, қазақ ханы Хақназар қасында болған.

 

Шалкиіз толғаулары өткір, аз сөзбен нақты, терең айтумен ерекшеленеді. Ұлттық діл, иман, этикалық түсініктер Шалкиіз шығармаларында кеңірек талданады. «Асқар, асқар, асқар тау», «Ор, ор қоян, ор қоян», сынды толғауларында ерлік рухы, елдің еңсесін көтеретін асқақ сезімдер жырланады. «Алаштан байтақ озбаса», «Жапырағы жасыл жау терек», «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтауға айтқаны» атты толғаулар негізінен шариғат жолындағы уағыз болып саналады.

 

Шалкиіздің бізге жеткен жырлары азаматтық, әлеуметтік лириканың үлгісі. Темірге қатысты толғаулары ғибратқа мол. Ақын тұлғасы батырға тән мерттік мінезбен қатар, заман тәлкегіне түсіп, неге болса да бел буып, бекінген жанның берік тәуекелін жырлайды:

 

 

Тайғақ кешу, тар жерде,

Менің досым барарда һар жерде,

Іздесем табылмайды тар жерде

Табылмаса қайтейін,

Мен есімді Хаққа тапсырғанмын һәр жерде.

 

 

Сондай-ақ Шалкиіз өз жырларында тәкаппарлық пен менмендіктің өрісі тар, өмірі қысқа екенін де еске салады. Шалкиіз толғаулары, ғибраты мол әдеби мұра екендігі анық.

 

Жапырағы жасыл жаутерек,

Жайқалмағы желден-дүр,

Шалулығы белден-дүр,

Төренің кежігуі елден-дүр,

Байлардың мақтанбағы малдан-дүр,

Ақ киіктің шабар жері  майдан-дүр,

Кешу кешмек сайдан-дүр,

Батыр болмақ сойдан-дүр.

Жалаңаш барып жауға ти,

Тәңірі өзі біледі,

Ажалымыз қайдан-дүр!

***

Күпшек санды тіл жалмаған күреңді

Тілеген достан аяман!

Тілекті бірге тілеген

Малымды достан аяман!

Тайғақ кешу, тар жерде,

Менің досым бар-ды һәр жерде,

Іздесем табылмайды тар жерде.

Табылмаса қайтейін,

Мен есімді Хаққа тапсырғанмын һәр жерде.

***

Жапалақ ұшпас жасыл тау,

Жақсылардың өзі өлседе сөз сау.

Ойлап тұрсам жаманның,

Жалаңдаған өз басына тілі жау.

Дүбір-дүбір шу көрген

Түлкішек түлкің жетер басыңа-ай,

Түлкідей құйрық тастаған

Жаман фиғылың жетер басыңа-ай.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (63)

Оқи отырыңыз: