Айдан су табылды

Айдан су табылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Планетологтардың халықаралық қауымдастығы Айда судың барын мәлімдеді. Аталмыш тақырыптағы зерттеу нәтижесі Nature Geoscience мерзімді басылымында жарияланды.

АҚШ-тың Браун университетінің ғалымдары үнділердің Chandrayaan-1 ай спутнигінен алынған деректерді зерделеген. Спектралды талдау жүргізілген.

Нәтижесінде біз сөз етіп отырған жер серігінің, яғни, аспан денесінің ежелгі жанартау қыртысының химиялық құрамы анықталып, судың мол қоры барына көз жеткізген. Жанартау қыртысының шамамен 0,05 пайызы (массамен алғанда) судан тұратыны белгілі болды.

Мамандар алдағы уақытта бұл суды айды зерттеу барысында ғылыми мақсатта да, қажеттілік үшін де пайдаланылуы мүмкін екенін жеткізді. Десе де ғалымдар ғалымдар Айда судың қалай пайда болғанын айты бере алмай отыр. 

islam.kz


«Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жібердік). Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құран түсірдік. Әрине олар түсінер [«Нахыл» сүресі, 44-аят]».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: