100 жасар ақсақал мектепке барып сауатын ашуда

100 жасар ақсақал мектепке барып сауатын ашуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Яхия ибн Файле есімді саудиялық өзінің сауатын ашу үшін арнайы мектепке барып білімін жетілдіріп жүр. Саудияда «әл-Сада» деген орталық сауат ашумен айналысады. Аталмыш орталық орта білім беретін бағдарламалар бойынша сабақ береді.

Осыны пайдаланған Яхия есімді ақсақал бүгінде оқу мен жазуда үйреніп алды. Сонымен қатар ол қасиетті Құранды да өз еркімен оқи алатын жағдайда жетті. Бұл оның бала күнінен бергі арманы екен. Осыған байланысты ақсақал өзінің дегеніне жетіп қуанышында шек жоқ екенін жасырмады.

Ақсақалдың білімге деген құштарлығын көрген оның Ибрахим есімді замандасы да алдағы уақытта мектеп табалдырығын аттауды көздеп отыр.

Kazislam.kz 


 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) хадис шарифінде: «Ілім алу әрбір мұсылман ер мен әйел кісіге парыз» - деген.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: