Нобел сыйлығының лауреаты обырды жеңуге не кедергі екенін айтты

Нобел сыйлығының лауреаты обырды жеңуге не кедергі екенін айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Физиология және медицина саласы бойынша Нобел сыйлығының иегері Джеймс Уотсон адамзат талай ғасырды артқа тастап, барлық салада дамуға қол жеткізсе де ғалымдардың осы уақытқа дейін обыр дертін жеңе алмай келе жатқанының себебіне үңіліпті.

Әлемге әйгілі ғалымның айтуынша, обыр - тез мутацияланатын дерт. Яғни, обыр жасушасы емдеу тәсіліне төтеп бере алатын қасиетке ие болады.

"Міне, осы бізге обырды жеңуге кедергі келтіреді: ісік шалған жасуша мутацияланады да емдеу тәсіліне төтеп беретін қасиетке ие болып шығады. Антибиотик дәрменсіздік танытатын супербактериялар турасында да осыны айтуға болады",- деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Джеймс Уотсон Нобел сыйлығын 1962 жылы ДНК спиралын ашқаны үшін алған болатын. 

islam.kz


«…Барлық нәрсені жаратып, әрқайсысына белгілі бір өлшем берді» («Фурқан» сүресі, 2-аят).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: