2 сағат ауыз ашып, 22 сағат ораза ұстайтын ел

2 сағат ауыз ашып, 22 сағат ораза ұстайтын ел

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Исландия республикасында мұсылмандардың биылғы Рамазандағы ораза ұзақтығы 22 сағатты құрайды. Рейкьявик мешіттерінде қасиетті Рамазан айында түнге жақын ауызашар беріледі. Мешіт қызметі қатар іске қосылған Исландия ислам қоры ғимаратында күнделікті ауызашарға бірнеше жүздеген мұсылман жиылады. Жергілікті уақыт бойынша 23:48-де азан айтылып, ақшам намазы кіреді.

Мұсылмандар осы кезде кешкі намазын оқып, ауыз ашады. «Ораза қаншалықты ұзақ болса да мұсылман баласы үшін қиындық жоқ. Мешітте біз бір отбасының адамдары секілдіміз. Таңертең осында адамдар келіп Құран оқиды, құлшылық жасайды, кешкі асқа қажетті жұмыстарды қамдайды. Бірақ, ауызашар уақыт туралы тіптен еске алмайды. Алғашқы үш күні ғана қиындау.

Ал одан кейін дағдыланамыз» имам Әбдулазиз Увлани. Исландияда биыл төртінші жыл тұрып келе жатқан пәкістандық Имран Хусейн ел мұсылмандары уақыт ұзақтығына қарамастан ораза ұстауды ұнататынын жеткізді. 

Kazislam.kz


 Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Қандай әйел орынды себепсіз күйеуінен талақ сұрамасын, ол үшін Жәннаттың иісі харам болады!» деген. (Ахмад).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: