БАӘ: төлқұжат орнына телефон жүреді

БАӘ: төлқұжат орнына телефон жүреді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БАӘ-нің Дубай қаласындағы халықаралық әуежайынан ұшатын тұрғындар бақылау терминалынан төлқұжат орнына смарт телефондарын көрсетіп өте алады. Бұл мүмкіндік Smart UAE Wallet мобильді қосымшасының арқасында жасалған.

Жолаушылар ол үшін телефондарын қосып, «ақылды дәліз» арқылы өтіп, саусақ таңбасын жасауы керек. Жоба авторларының айтуынша, бұл жолаушылардың бақылауда өту уақытын қысқартуымен қатар төлқұжат мәліметтерінің қауіпсіздігін күшейтеді.

Телефонда арнайы қосымшаның көмегімен әуежайда көрсетілуі міндет етілетін төлқұжат пен басқа да құжаттардың, сондай-ақ, отырғызу билетінің деректері сақталады. Сонымен қатар, алдағы уақытта БАӘ тұрғындары үшін кез келген үкіметтік мекемелерге барғанда құжат көрсетудің қажеті болмайды, барлық мәліметтер смартфондағы арнайы қосымшада сақталынбақ.

 Kazislam.kz 


Расулулланың (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Сендердің ешқайсыларың өзі үшін жақсы көрген нәрсені, басқа бауыры үшін де жақсы көрмейінше, шынайы мүмін бола алмайды», – деген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: