Рамазанда ғайбаттан тыйылуды үйрен! (ВИДЕО)

Рамазанда ғайбаттан тыйылуды үйрен! (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласы өзінің қоршаған ортасымен өмір сүреді. Өмір сүре отырып нешетүрлі адамдармен қарым-қатынас жасайды. Адам табиғатында өзгені талқыға салып, ол туралы біреудің ойын білгісі келіп тұратыны, өзін солармен салыстыру қасиеті бар. Біреу туралы сыбыс ести қалсақ оны басқа біреуге айтуға асығатындаймыз. 

Сонымен өзіңізді біреуді ғайбаттап жатқан адамның орнына қойып көріңіз. Ол не үшін ондай, неге олай жасағанын білмейсіз ғой. Мүмкін өзіндік себептері бар шығар. Ал сіз оны оңай сыртынан ғайбаттай саласыз.

Егер де сіздің артыңыздан біреудің жамандап жатқанын естісеңіз қалай қабылдар едіңіз? Сөзсіз ашуланар едіңіз. Ең бастысы, ғайбат айтудың үлкен күнә екенін естен шығармайық!

hibatulla.kz


Қасиетті Құран Кәрімде: «Әй, мүміндер! Күмәннің көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәннің кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді» («Хужурат» сүресі, 12-аят) делінеді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: