Мәскеудегі Перу елшісі исламды қабылдағанын жариялады

Мәскеудегі Перу елшісі исламды қабылдағанын жариялады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресей Федерациясындағы Перу елшісінің көмекшісі Хорхе Лазо дүйім жұрттың көзінше өзінің исламды қабылдағанын жариялады. Бұл жағдай Марат Қабай бастаған халықаралық ислам бизнесі ұйымдастырған ауызашар кезінде, яғни, "Рамазан шатырында" орын алды.

"Мен қасиетті Рамазан күндерінде жандарыңыздан табылғаныма қуаныштымын. Ендігі жерде менің есімім - Хамза, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ағасының құрметіне осы есімді таңдадым",- деді ол шатырға ауызашарда отырған меймандарға толқи тіл қатып.

Ол Ресей аумағында тұрып жатқанына бірнеше жылдың жүзі болған, орыстан, яғни, православ әйелі бар. Ол осы уақытқа дейін католик сенімінде болғанын жасырмады. "Мен католик мектебін тауысқанмын. Менің сыныптастарым священник болды. Мен Жаратқанға тура жолға салғаны үшін шүкіршілік айтам",- деді ол.

muftyat.kz


Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алладан басқа құдай жоқ – деп айтып, сол сөзінде берік тұрып жан тапсыратын бір пенде жоқ. Егер ондай біреу болса, ол жәннәттық».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: