Ораза – мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Сондықтан, Жаратқанның құлдары бұл айда әдеп білмес пенделердің өзіне жасаған небір сорақы іс әрекеттерін көріп, ашу шақырар сөздерін естісе де, жарылуға шақ қалған нәпсісіне «Мен оразамын» деген жалғыз ауыз сөзбен тоқтау салып, сабырға шақырады. Мұндай күтпеген сөзбен соққы алған сол әдеп білместердің өзі де терең ойға шомып, тәубасына келеді.
Бұл айда мұсылмандар бір-бірін қонаққа шақырып, ауызашар берудің, сауапқа кенелудің қызығына түседі. Дастарқанда небір ғибратты әңгімелер айтылып, сиқырлы уағыздар төгіледі. Рамазан берекелі дастарқан боп жайылып, отыз күндік иләһи мейрамға айналады.
hibatulla.kz
«Адамдардың ауыз ашуды кешіктірмеуімен амандыққа ке-нелуі жалғасады. Ауыз ашуды кешіктірмеңдер! Себебі, яһудилер ауыз ашуды кешіктіретін еді». Хадисті Әбу Һурайрадан (р.а.) имам Ибн Мажәһ риуаят етті.