Ұзақ ауыз бекітетін елдер анықталды

Ұзақ ауыз бекітетін елдер анықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Полярлық аймақта өмір сүретін мұсылмандар үшін күннің шамамен 23 сағат бойына шығып тұруы Рамазан айында қиын шарттар алып келеді, деп жазады The Independent британдық басылымы. Ораза айында мұсылман халқы  таң атқаннан күн батқанға дейін ауыз бекітеді.

Әр күнгі ораза ауызашар асымен аяқталады. Болжам бойынша, әлем халқының 22%-ы немесе 1,6 миллиард адам қасиетті оразаны ұстайды. Жаз маусымдарында Лапландия, Финляндия және Швеция секілді мемлекеттерде күн үнемі шығып тұрады. Күн шапағы небәрі 55 минутқа бататын Финляндияның солтүстік аймағының тұрғындары Рамазан айын қалай өткізетінін айтып берді.

Аймақ тұрғыны Мохаммедтің айтуынша, ораза сағат 1:35-те таң сәріден басталып, түнгі 12:48-де аяқталады. Осылайша ораза 23 сағат 5 минутқа созылады. «Менің Бангладеште тұратын достарым мен туыстарым біздің 20 сағаттан аса ораза ұстайтынымызға сене алмайды.

Біз 22 жарым немесе 23 сағат ораза ұстайтынымызды естіген кезде олар қатты таң қалды» дейді Мохаммед. Ол сондай-ақ табиғи жағдайы ұқсас көршілес елдер бейімделіп алғанын жеткізді. «Лапландияда тұратын мұсылмандар таяушығыс кестесін негізге алады. Олар оразаны Түркия уақытымен есептейді» дейді ол.

kazislam


«Ораза ұстағанды тамақ-тандырған, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, әрі ораза ұстаушының сауабы кемітілмейді». Хадисті Зайд ибн Хәлид Әл-Жуһаниден (р.а.) имам Тирмизи риуаят етті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: