Мұхаммед (с.а.с.) туралы өзге дін өкілдерінің 4 000 пікір жинағы шықты

Мұхаммед (с.а.с.) туралы өзге дін өкілдерінің 4 000 пікір жинағы шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Каир қаласында Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) туралы өзге дін өкілдері зиялыларының пікірлері жинақталған ерекше кітап жарық көрді. Almesryoon.com порталының хабарлауынша, жаңа кітап ақпан айының басында шыққан.

300 беттік кітапта әлемге белгілі тұлғалардың, оның ішінде еуропалық шіркеу қызметкерлері мен монахтардың 4000-нан аса пікірі жинақталған. Жинақ Хумайсара институты зерттеу орталығының тың ғылыми кітабы саналады. Аталмыш кітаптағы мұсылман емес қайраткер тұлғалардың Алланың елшісі (с.а.с.) туралы туралы тамаша ой-пікірлері оқырмандарды қайран қалдырады.

Сонымен қатар, кітапта жаңа пайғамбар келетіні туралы Інжілде келтірілген мәтіндер де берілген. Терең мағыналы пікірлер қатарында Эдвард Рэмси, Вольтер, Альфонс де Ламартин, Бернард Шоу, Наполеон, Гёте және Аннемари Шиммель сынды әлем таныған тұлғалар қамтылған.

ummet.kz


Құранда анық баян етілген: «Мұхаммед (с.ғ.с.) сендерден ешбір кісінің әкесі емес. Бірақ, Алланың елшісі және пайғамбарлардың соңғысы. Алла әр нәрсені толық білуші» («Ахзап» сүресі, 40-аят). 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: