Тұңғыш рет әйел уағызшылар пайда болды

Тұңғыш рет әйел уағызшылар пайда болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

150-ге жуық әйел ұстаздар Мысыр мешіттеріне уағыз айтуға тағайындалды.

Ел тарихында бұрын-соңды болмаған мұндай шешімді Уақф істері министрлігі қабылдаған. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бекітілген әйелдердің барлығы жоғары теологиялық білімді.

Ел мешіттерінде теолог әйелдер ер адамдар секілді уағыз айту қызметіне жұмылдырылады.

Алайда, олар тек әйел жамағаты ортасында, мешіттің белгілі бір бөлігінде уағыз жүргізеді. Мұсылман қыз-келіншектеріне арналған түсіндіру, ақпараттық насихат жұмыстарында бірінші кешекте әйелдерге қатысты маңызды мәселелер қамтылады. 


Қасиетті Құранда: «Ей, мүміндер! Сендер Аллаға бойсұныңдар, пайғамбарға бойсұныңдар, әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне де. Егер, бір нәрсе үстінде талас-тартыста қалсаңдар, Аллаға және пайғамбарға жүгініңдер. Егер сендер Аллаға, ақырет күніне сенетін болсаңдар, осылай істеу әрі қайырлы, әрі жақсы нәтижелі болмақ» («Ниса» сүресі, 59-аят), – делінген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: