Әл-Харам мешітінде электронды тексеру жүйесі енгізіледі

Әл-Харам мешітінде электронды тексеру жүйесі енгізіледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мекке қаласындағы әл-Харам мешітіне электронды тексеру жүйесі орнатылады.

Жаңа құрылғы Қағба территориясына тыйым салынған заттарды алып өтудің алдын алады. Осыған қатысты ұсыныс-пікірлер қасиетті қос мешіт істері жөніндегі Президиум отырысында талқыланды.

Қазіргі уақытта әл-Харам мешіті кіреберісінде қажылардың заттарын тексеретін арнайы күзет қызметі бар. Алайда, отырыс барысында мәлім болғандай, кейбір адамдар тыйым салынған заттарды жасырып алып өтуі орын алады.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын мешіт территориясына қаскөй қылмыскер жанармай құйылған бөтелкемен кіріп, Қағба жамылғысын өртеп жіберуге әрекеттенген. Тәртіп сақшылары мен осы маңдағы мұсылмандардың арқасында қылмыскердің ойы іске аспады.


Құран Кәрімде: «Алла Тағала сендерден иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді, істегендеріңді толық біледі» («Сужадала» сүресі, 2-аят), – делінген. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: