Жақсылық қайтып келеді... (ВИДЕО)

Жақсылық қайтып келеді... (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мейірім мен рақым – жалпы жаратылыстың түп негізі. Мейірімі болмаса, не нәрсе де мәнсіз, әрі суық. Ғаламдағы барлық нәрсе терең мейірім, рақымшылық негізінде бар болып, өсіп-өнеді.

Дініміз бойынша барша жаратылғанға мейірімділік пен рақымдылық жасау, олардың мұқтаждықтарына ортақтасу әрбіріміздің басты міндетіміз. Сондықтан, шынайылықпен қызмет көрсету мейірімділік пен рақымдылық есігі.

Мақлұқатқа қызмет көрсете білген адам, өз бойындағы мейірімділігі мен рақымдылығын толықтай айғақтады деген сөз. Осы себепті бір мұсылманның мұң-мұқтаждығына көмектесу, басына түскен түрлі қиыншылықтардан құтқару, Аллаһ ризалығына жетелейтін амалдардың бірі болмақ. 

hibatulla.kz


 

Хадис шәріптердің бірінде пайғамбарамыз Мұхаммед (с.ғ.с) былай деген: «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды», – деген болатын. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: