«Республикалық маңызы бар мешіт» мәртебесі берілді

«Республикалық маңызы бар мешіт» мәртебесі берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматы қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәжілісінде осындай шешім қабылданып, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығы шықты. Бұл туралы Muftyat.kz сайты хабарлады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің Астана қаласындағы филиалы «Әзірет Сұлтан» мешітіне республикалық бас мешіт деген айрықша мәртебе берілсін» делінген бас мүфти бұйрығында.

Бас мүфтидің төрағалығымен өткен мәжілісте ҚМДБ-ның бөлім меңгерушілері мен қызметкерлері «Әзірет Сұлтан» мешітіне республикалық «Бас мешіт» деген айрықша мәртебе беру туралы шешімді бірауыздан қолдайтынын, «Әзірет Сұлтанға» берілген лайықты мәртебе екендігін жеткізді.

2012 жылдың 6 маусымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған «Әзірет Сұлтан» – көлемі мен көркемдігі жағынан Орталық Азияда теңдесі жоқ мешіт, елімізге ресми сапармен келетін шетелдік мемлекеттік ірі тұлғалардың арнайы зиярат ететін Қазақстанның ең көрікті ғимараттарының тізіміне енген.

Ашылу салтанатында Елбасы: «Әзірет Сұлтан» мешіті құлшылық орны ғана емес. Бұл мешітте кітапханалар мен дәрісханалар бар. Ендеше, Бас мешіт ірі рухани және мәдени-ағарту орталығы болады» деді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республикалық іс-шаралары, атап айтқанда, ғылыми конференциялар, семинарлар, қайырымдылық акциялар, т.б. өтетін «Әзірет Сұлтан» мешіті Бас мүфтиден бастап елімізге танымал, беделді теологтардың, дін қайраткерлерінің, облыстардағы бас имамдардың ортақ мінберіне айналды. «Әзірет Сұлтан» санаулы мерзім ішінде республикалық деңгейде маңызды мешітке айналды.

Мешіт жанындағы «Хикмет» телерадиостудиясы еліміздің ақпараттық рухани-ағарту саласында өзіндік қолтаңбасы қалыптасып, жамағаттың аудио, видео уағыздарға деген сұранысын қанағаттандырып келеді.

Қабырғалары қазақи нақышпен өріліп, ұлттық ою-өрнектермен безендірілген Бас мешіттің іші-сырты түгелдей заманауи технологиялармен жабдықталған. «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылғалы бері әлемнің 170 елінен ресми делегация келді. Ал, Қазақстанның түрлі аймақтарынан 137 ресми делегация зиярат жасады.

 

 


Құран Кәрімде Алла Тағала: «(Мұхаммедке /с.ғ.с./) Бiз сенi бүкiл әлемге рахмет етiп қана жiбердiк» («Әнбия» сүресi, 107-аят) – деген.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: