Құран үйретуші христиан көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие болды.

Құран үйретуші христиан көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие болды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Египет араб республикасында 80 жастағы христиан қария мұсылман әлемінің сүйіспеншілігіне ие болды. Аяд Шакер Ханна өзі христиан дінінің өкілі болғанымен, балаларды Құран үйренуге шақырып келеді. Осы мақсатта ол, тіптен, өз үйінен шағын дәріс сыныбын ашқан.

Мұнда күн сайын балаларға Құранды оқып үйретеді. «Мұсылмандар мен христиандарды бөліп-жармаймын. Біз Исаны үлгі тұтсақ, олар Мұхаммед пайғамбар жолымен жүреді. Алайда, біздің ауылдағы христиандар да, мұсылмандар да бір-бірін жақсы көреді және құрметтейді» дейді қария.

Оның айтуынша, Құранды оқу – Жаратқанға жақындататын іс. Қария қасиетті Құран аяттарын бала кезден оқып, жаттаған көрінеді.

ummet.kz


Құран Кәрімде Аллаһ Тағала: «(Мұхаммедке /с.ғ.с./) Бiз сенi бүкiл әлемге рахмет етiп қана жiбердiк» («Әнбия» сүресi, 107-аят) – деген.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: