Республика әуежайлары мен теміржол возкалдарында намазханалар ашылуы мүмкін

Республика әуежайлары мен теміржол возкалдарында намазханалар ашылуы мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі республика әуежайлары мен теміржол возкалы ғимараттарында намаз оқуға арналған бөлмелерді ашу мәселесін қарастыру үстінде, деп хабарлайды E-islam.

«Бұл мәселе соңғы уақытта жиі қозғалып келеді. Көптеген мұсылмандар әуежай мен теміржол вокзалдарында, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында намазханалар болса деген өтініштерін жеткізді. Біз қазір бұл мәселені діни рәсімдерді белсенді ұстанатын және басқа да тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, талқылаудамыз» деді министр Н.Ермекбаев.

Министрлік барлық тараптың көңілінен шығатындай жағдайда намаз оқитын бөлмелер туралы мәселені шешу жолдарын қарастырады. Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан аумағында намазхана бөлмелері әуежайларда, возкалдарда және мемлекеттік мекемелерде болған еді. Бұл орындар 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң негізінде жабылды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: