Жануарды жылатқаның қайткенің? (ВИДЕО)

Жануарды жылатқаның қайткенің? (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жануарларға қамқор болудың маңызы зор. Сен үшін қызмет етіп, жуындыңды ішсе де сені жақсы көріп тұратын жануар атаулысын далаға тастап, оған зұлымдық қылу - күнә.

Пайғамбарымыздың мейірімі адамдармен ғана шектелмеген. Оның ерекше рақымдылығынан жануарлар да нәсібін алған-ды. 

Ол жан-жануарларға мейірімді болуын мынадай бір ғибратты мысалдармен түсіндіреді:

“Алла бір ит үшін жаман атағы шыққан әйелді кешіріп, жаннатына алды. Құдық басында тілі аузына сыймай салақтап, шөлден қаталап жатқан әлдебір иттің тұсынан өтіп бара жатып, оның мүшкіл халін байқап қалған әйел дереу белінен белдігін шешіп, аяқ киіміне байлайды да, құдықтан, су алып береді. Осылайша ит ажалдан аман қалады. Міне, әйелдің итке деген осы бір әрекеті оның кешірілуіне себеп болды. Алла оған жаннатын несіп етті».

Пайғамбарымыздың қасындағы сахабалардың бірі:

– Уа, Алланың елшісі! Жануарларға да жасаған жақсылықтарымыз үшін сауап беріле ме? – деп сұраған кезде, Пайғамбарымыз (с.а.с.):

– Иә, әрбір жануарға  жұмсақтық жасағаның үшін сауап бар, –  деген.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: