Мұсылмандар Трампқа неге дауыс берді?

Мұсылмандар Трампқа неге дауыс берді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Америка-ислам қатынастары жөніндегі кеңес (CAIR) қызықты бір дерек жария етті. Онда сайлау учаскелерінде дауыс берген мұсылмандардың 13%-ы Дональд Трампты қолдау себептері жазылған.

Құрама штаттағы ірі мұсылман құқыққорғау ұйымы сайлауға қатысқан 2 мыңнан аса мұсылман арасында сауалнама жүргізді. Таң қалдырғаны, мұсылман тұрғындарының 90%-ы сайлауға келген.

Сайлауға қатысушы мұсылмандардың 74%-ы Хиллари Клинтонға, 13%-ы Дональд Трампқа дауыс берді. 

Осы орайда көпшілік көкейінде исламофобиялық риторикаларымен танылған Трампқа мұсылмандар неліктен дауыс берді деген сауал туды. CAIR өкілдерінің пайымдауынша, Дональд Трампты экономикалық мәселелер мен салықтарға алаңдаушылық білдірген мұсылмандар қолдаған.

«Мұсылман қауымының белгілі бір бөлігі Трамп арқылы салық саласындағы мәселелерді шешуді және шағын бизнеске жеңілдіктерге қол жеткізуді мақсат еткен болуы керек» дейді Америка-ислам қатынастары жөніндегі кеңес өкілі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: