Мұсылман өрттен 17 адамды құтқарып қалды.

Мұсылман өрттен 17 адамды құтқарып қалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы Королі Халидтің ауруханасындағы күзетші 27 жастағы Ахмад Авад Aнзидің өрт кезіндегі батыл іс-әрекеттерi  17 адамның өмірін сақтап қалды, дейді Al Arabiya.

"Өрт шықты деп хабар келген кезде мен әріптестеріммен бірден клиникаға қарай беттедім. Ғимараттан түтін көрініп жатқанда мен әріптестерімнен өрт сөндіру қызметіне қоңырау соғуын сұрадым. Ғимаратта әйелдер мен балалар болған, сондықтан құтқарушылар келгенге дейін күтіп тұра алмадым. Көйлегімді дымқыл етіп сулап алдым да, түтінді иіскемеу үшін ауыз-мұрнымды жаптым. Тұрғын үй бөлімінің ішіне жүгіріп барлық есікті қағып, ұйықтап жатқандарды ояттым," - дейді күзетші.

Бірақ Ахмадтың ерлік іс-әрекеттері мұнымен аяқталған жоқ. Ол барлық дәрігерлер мен отбасыларының мүшелері ғимараттың алдынан көрінген кезде, бір медбике әйелдің бөлмеде қалып қалғанын түсінді. Мұсылман батылдықпен қайтып емхана ғимаратына ұмтылды да түтіннен есінен танып қалған әйелді алып шықты. Осылайша күзетші түтінге өзі де уланып, есін жоғалтып, ауруханаға жеткізілді.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: